Психдиспансерде есепте тұрған 320 ақтөбелікке көлік жүргізу құқығы берілген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психдиспансерде есепте тұрған 320 ақтөбелікке көлік жүргізу құқығы берілген

Психдиспансерде есепте тұрған 320 ақтөбелікке көлік жүргізу құқығы берілген

Ақтөбенің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 320 тұрғыны көлік жүргізу құқығын алған.

  • 17 Тамыз 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына сараптама жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, Ақтөбенің психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған 320 тұрғыны жүргізуші куәлігін алып, көлік құралдарын басқару құқығына ие болды.

Параноид шизофрениясы түріндегі психикалық аурудың болуы туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде сотқа Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы бес талап қойылды"
, — деп жазды Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дауылбаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар