«Осы белгілердің барлығын байқаған болсақ, бірдеңеге тәуелділігі бар екендігі туралы айтуға болады. Бұл сондай-ақ әлеуметтік желіге кірушілер арасында көптеп таралған. Ерер осындай белгілерді көрсеңіз мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн»,-дейді Париждегі Paul-Brousse емханасында жұмыс істейтін Карила.
Ол сонымен қатар интернет тәуелділіктен арылу бойынша бірнеше қарапайым кеңес берді.
«Біріншіден — телефоныңыздағы жаңа хабарламаның келін және жаңа статустың жарияланғанын білдіретін ескертпелерді өшіріп тастаңыз. Екіншіден – әлеуметтік желіде отыратын уақытыңызды қадағалай біліңіз. Үшіншіден – ұйықтар алдында әлеуметтік желіге кірмеңіз. Бұл сіздің ұйқыңызды бұзады, бұл әсіресе экранға көп қарағаннан болады»,-дейді психиатр.
Ол сондай-ақ, әлеуметтік желіні кенеттен тексере салайын деп, телефонға немесе компьютерге үңіле түсуден аулақ болуға шақырады.
«Әлеуметтік мжеліде жарияланғанның барлығына жауап берудің қажеті жоқ. Егер комментарилерді оқып көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, біраз пауза алып, әлеужеліні ұмыта тұрғаныңыз абзал»,-дейді маман.