Путин Кәрімовты еске алу үшін Өзбекстанға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Кәрімовты еске алу үшін Өзбекстанға барады

Путин Кәрімовты еске алу үшін Өзбекстанға барады

Ресей президенті Владимир Путин 6 қыркүйекте Өзбекстанға қайтыс болған президент Ислам Каримовты еске алу үшін баратынын мәлімдеді. Путин Каримовтың өлімін "Өзбекстан үшін орны толмас қайғы" деп атады.

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 426
Фото - Caravan.kz

Путин Қытайда өткен G20 елдерінің саммиті кезінде журналистермен сөйлескенінде Өзбекстанның жаңа басшылығы елдегі тұрақтылықты сақтап қала алатынынан үмітті екенін білдірді.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің 78 жасында инсульттен қайтыс болғаны қыркүйектің 2-сі күні хабарланды. Оны Самарқандағы Хазрет Қызыр мешіті ауласындағы Шахи-Зинда бейітінде, ата-анасының жанына қыркүйектің 3-і күні жерледі.

Бұрынғы коммунист Ислам Каримов Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарды. Каримовтің кезінде саяси диссиденттер мен азаматтық белсенділерді арнайы қауіпсіздік және барлау органдары аяусыз қудалап, жаныштаумен болды.

"Оның елі үшін не істегенін әлі де бағалау керек. Өзбекстанның жаңа заман тарихындағы түрлі сәттерін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ол елде тұрақтылық пен ілгері дамуды сақтады" деді Путин Каримов туралы.


Ресей президенті сонымен қатар "Бұл Өзбекстан сияқты ел үшін өте маңызды, мұның Өзбекстанның өзін-өзі сақтауы және келешекте ілгері дамуы үшін өмірлік маңызы бар" деді. Путин бұған қоса Ресей мен Өзбекстан арасындағы жақсы қарым-қатынас сақталады деген үмітте екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар