Жарияланды: 510

"Путин мерт болады, Ресей ыдырайды": саясаттанушы Ресейдегі жағдайдың 4 түрлі сценарийін болжады  

"Путин мерт болады, Ресей ыдырайды": саясаттанушы Ресейдегі жағдайдың 4 түрлі сценарийін болжады   Сурет - Московская газета

Қатты ушыққан Ресейдегі жағдайдың бұдан кейін қалай дамуы мүкін екені туралы саясаттанушылар түрлі болжамдар айта бастады.  

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мысалы, Самат Нұртаза көрші елдегі жағдайдың 4 түрлі сценарийін жобалапты.  

"Бүгінгі Путинның сөзінен кейін Жер планетасының тағдыры шешілейін деп тұр десем қателеспеспін. Адамзатқа қарсы қылмыстың төресін жасап отырған адам, енді ештеңеден тайынбасы анық. Аз ұлттарды соғысқа салды, түрмедегі қылмыскерлерді соғысқа салды, енді міне қару ұстай алатын еркек кіндіктінің барлығын жинамақшы.

Бұның арты 4 сценарийге әкелуі мүмкін:

БІРІНШІСІ: Ресей қоғамы жарылып, алаңға шығып, Путинды жыл соңына дейін тақтан тайдырып тынады. Сөйтіп Ресейдің билігіне “демократ басшы” келеді. Соғыс тоқтап, Ресей ЛДНР мен Қырымнан шығады, бірақ территориясын сақтап қалады. Жағдай 2014 дейінгідей болады.

ЕКІНШІСІ: Ресей қоғамы шулап-шулап қояды, соңында милары шайылған мақтабастар мыңдап Украинаға аттанады. Украина - нағыз Тозаққа айналады. НАТО қаруы Ресей сарбаздарының еттерін турайды. Сөйтіп соғыс тағы бір-екі жалға созылады. Жағдай болжауға келмей қалады. Украина екіге бөлініп тынуы ықтимал.

ҮШІНШІ: Атом бомбасын Киевке тастайды. НАТО жауап бере алмауы мүмкін. Себебі Батыс менталитеті Хиросима мен Нагасаки трагедиясын санасында ұстап өскен (өздерін кінәлі сезінеді), ал Ресей менталитеті “американдықтар кезінде атом бомбасын тастады, біз неге тастамаймыз” деген жұбанышпен өскен. Нәтижесінде соғыс аяқталып, Ресей ЛДНР мен Қырымды сақтап қалады.

Путин мерт болады. Сол кезде Ресей ыдырайды. Кремльды таққа талас басталып, автономиялық республикаларда бас көтерген сепаратисттерге көңіл бөлінбей қалады. Сол кезде АҚШ Кавказ бен Татар-Башқұрт автономияларына ақшаны құяды. Сепаратизм өршиді. Ресей құрамындағы 21 республиканың жоқ дегенде 2-3 кетсе, Ресей аяқталды.

Осы 4 сценарийдің біреуі орындалады. Өз ойым",- деп жазды саясаттанушы Самат Нұртаза.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін