Путин Олимпиадаға жіберілмеген спортшыларды арнайы марапаттауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Олимпиадаға жіберілмеген спортшыларды арнайы марапаттауды тапсырды

Путин Олимпиадаға жіберілмеген спортшыларды арнайы марапаттауды тапсырды

 

  • 1 Ақпан 2018
  • 181
Фото - Caravan.kz

Ресей Федерациясы ХОК Олимпиадаға жолдама бермеген спортшыларға жеке жарыс ұйымдастырып, оларды қымбат жүлделермен марапаттайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіkorrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің бұйрығымен ХОК Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына жіберілмеген отандық ойыншылар үшін жеке жарыстар ұйымдастырылып, олардың олимпиада ойындарындағыдай марапатталатындарын айтты.

«Ол осы жарыстардың нәтижесінде спортшыларды олимпиада ойындары дәрежесінде марапаттауды тапсырды», − дейді Песков.


Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ресей билігі Пхенчхандағы жарысқа бара алмаған атлеттерді қолдайтындарын айтқан болатын. Мұнымен қатар, ХОК Ресей құрамасын 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыстырмай қойды. Дәлірек айтсақ, аталған ойындарға допинг дауына қатысы жоқ аздаған спортшы ғана бейтарап тумен (бес шеңбер бейнеленген олимпиада ойындарының туы) бара алады.

Соңғы жаңалықтар