Путин: Украинадағы дағдарыс осы елдегі қоғамды қақ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин: Украинадағы дағдарыс осы елдегі қоғамды қақ жарды

Путин: Украинадағы дағдарыс осы елдегі қоғамды қақ жарды

Украинада конституцияға өарсы төңкеріс пен Еуропа мен Ресей арасындағы жасанды таңдауға итермелеу талпынысы украин халқын екіге жарылуға итермеледі,

  • 27 Маусым 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

деп Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

«Бұл көрші елдегі күрделі дағдарыстық жағдай бізді шынымен алаңдатады. Киевтегі антиконституциялық төңкеріс, украин халқын Еуропа мен Ресей арасында жасанды таңдау жасауға итермелеу халықтың қақ жарылуына әкеп соқтырды, деп В.Путин сенім грамоталарын табыстау салтанатында атап көрсетті.

Оның айтуынша, ең алдымен жергілікті тұрғындар құрбан болуда. Елдің оңтүстік шығысында қан төгілуде, нағыз гуманитарлық апат орын алуда, он мыңдаған босқын Ресейге бас сауғалауға мәжбүр болуда. Өз кәсіби міндетін атқарушы журналистер оққа ұшып, қасақана қуғынға ұшырауда.