Путиннің туған күніне 230 мың рубльдік смартфон шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путиннің туған күніне 230 мың рубльдік смартфон шығарылды

Путиннің туған күніне 230 мың рубльдік смартфон шығарылды

Ұялы телефондарды әрлеумен айналысатын ресейлік Caviar компаниясы iPhone 7-нің арнайы топтамасын шығарды. 

  • 5 Қазан 2016
  • 466
Фото - Caravan.kz

Смартфондардың саны шектеулі және олар Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған, деп хабарлады Lenta.ru 5 қазан күні түскен баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Supremo Putin Damascus атауына ие болған үлгілер өрнектермен және мемлекет басшысының барельефті портретімен безендірілген. Телефон дизайнының екі түрі бар: титандық гаммада және алтынмен әшекейлі.

Гаджеттер жадының көлемі — 128 және 256 гигабайт. Жаңа телефондардың құны 207 мың рубльден 232 мың рубльге дейін жетеді. Тираж 64 данамен шектелген. 


Соңғы жаңалықтар