Пышақтап, көлігін айдап кетті: Ақтауда оқыс оқиға болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пышақтап, көлігін айдап кетті: Ақтауда оқыс оқиға болды

Пышақтап, көлігін айдап кетті: Ақтауда оқыс оқиға болды

Біреудің Mercedes-Benz көлігін айдап кеткен жүргізуші полициядан қашып келе жатып, көше қиылысында Subaru-ға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • 1 Наурыз 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні "Акбота" саябағының жанында болды. Оның мән-жайын Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне түнде Маңғыстау облыстық ауруханасына пышақпен жараланған ер адам түскені туралы ақпарат жетті. Кейін анықталғандай, белгісіз біреу жәбірленушіні пышақпен жаралап, оның автокөлігін айдап кеткен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by AKTAU_911 | АКТАУ 911 (@aktau.911) on

Жол полициясының қызметкерлері ұрланған көлікті қала аумағынан байқап қалды. Mercedes-Benz жүргізушісі полицияға бағынбай, тоқтамай кеткен.


Қашуды ұйғарған жүргізуші "Акбота" саябағының жанындағы көше қиылысында тұрған бірнеше автокөлікті соғып бірақ тоқтады.

Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 192 бабы, 2 бөлімі бойынша тергеу басталды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by AKTAU_911 | АКТАУ 911 (@aktau.911) on

 

Соңғы жаңалықтар