Қ. Мәми инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру қажеттілігін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ. Мәми инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру қажеттілігін түсіндірді

Қ. Мәми инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру қажеттілігін түсіндірді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен кеңес өтті.

  • 15 Мамыр 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz

Кеңестің басты мақсаты — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде берген тапсырмаларды, атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етуге байланысты институционалдық реформаны іске асыру мәселелерін талқылау.

Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І. Испанов, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шәріпов, облыстық соттың судьялары, қалалық, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Қайрат Мәми Жоғарғы Сот елімізде сот жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар әзірлеп, оны Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға жолдағанын атап өтті. Солардың қатарында судьялық кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, сот төрелігінің тиімділігі мен жеделдігін арттыру, азаматтар мен бизнес өкілдерінің сот қорғауына қолжетімділігін жеңілдету мәселелері бар.

Бұған қоса, Сот төрелігі институтының рөлін күшейту, судьялық лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейту, судьялар қызметін кезеңдік кәсіби бағалау, жұмыс істеп жүрген судьялардың жауапкершілігін арттыру шараларын іске асыру көзделуде.

Жоғарғы Сот Төрағасы инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру қажеттілігін түсіндірді. Мәселен, Жоғарғы Сотта инвестициялық алқа және Астана қалалық сотында мамандандырылған судьялар құрамын құру мәселесі қарастырылуда.


Кеңес барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының өңірдегі сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараты тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қ. Мәми облыстық сот корпусына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, тергеу судьяларының қызметін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, суьялар әдебі нормаларын сақтау және соттардың имиджін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жұмыс сапарының шеңберінде Жоғарғы Сот Төрағасы Шымкент қаласындағы Қаратау және Әл-Фараби аудандық соттарының қызметімен танысты. Аталған соттар сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жарақтандырылған. Қ. Мәмидің тапсырмасы бойынша Департамент басшысы І. Испанов Шымкент қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарын аралап, кеңсе жұмыстарымен танысты және бірқатар міндеттер мен олардың шешу жолдарын айқындады.