Ауыл шаруашылығы министрлігі аспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Астрахань облысы аумағында өршіп тұрған құс тұмауы (H5N1) түрткі болып отыр.
Шектеу 28-сәуірден бастап күшіне енді. Тыйым салынған өнімдерге тірі құс, инкубатор жұмыртқасы, құстардың жүні, еті және жылумен өңделмеген барлық құс өнімдері, құстарға арналған жемдер мен жем қоспалары, Астрахань облысында бұрын қолданылған құс бағу қондырғылары жатады.