Қабатов полиция қызметкерлеріне: Қазақша сөйлесеңдер коронавирус келіп қала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қабатов полиция қызметкерлеріне: Қазақша сөйлесеңдер коронавирус келіп қала ма?

Қабатов полиция қызметкерлеріне: Қазақша сөйлесеңдер коронавирус келіп қала ма?

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілінде хабарлама айтпайтынындарын мазақ етіп, оларды сынап тастады.

  • 29 Сәуiр 2020
  • 170
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қабатовтың әлеуметтік желіде тараған видеосында айтылған, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Құрметті полиция қызметкерлері! Сіздер, әр аулаға кіргенде халық үйлеріне қашады, сіздер кеткеннен кейін қайтадан шығады. Сіздер қайтадан кіресіздер, қайтадан қашады. Өйткені, халықтың сіздердің не айтып жатқандарыңызды түсініп жатқан жоқ. Сіздердің хабарландыруларыңыз орысша, сөйлегендеріңіз де орысша. "Проходим домой", — деп ешқандай қазақ тілінде ештеңе айтып жатқан жоқсыздар. Сол себепті халық не айтып жатқандарыңызды түсінбейді. Әлде қазақша сөйлесеңдер коронавирус келіп қала ма? Коронавирус тек қазақша түсіне ме? "Жүріңдер ана жақта адамдарды кіргізіп жатыр", — деп (күліп)", — деді видеода Тұрсынбек Қабатов.


 

 

Posted by Erbol Beimbetov on Monday, April 27, 2020

 

Соңғы жаңалықтар