Қағаз түріндегі диплом сақталады – БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қағаз түріндегі диплом сақталады – БҒМ

Қағаз түріндегі диплом сақталады – БҒМ

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари министрліктің Facebook парақшасында "Электронды диплом" тақырыбында өткен тікелей эфир барысында айтты.

  • 10 Маусым 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл қызмет алудың альтернативті нұсқасы. Әрине, қағаз түріндегі дәстүрлі диплом сақталады. Себебі, кейбір адамдар шетелге кетіп, диплом сол жақта қажет болып қалатындай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан, қағаз формат та сақталады, — деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бүгінде 2,5 миллион диплом сандық форматқа көшірілген. Қазіргі таңда министрлік 1992 жылға дейін жоғары оқу орнын бітірген азаматтардың деректерін жинаумен айналысып жатыр. 

Рүстем Биғари тікелей эфир барысында балабақша мен бірінші сыныпқа арналған өтінішті онлайн тапсыру мәселесіне де тоқталды.

Қазір ата-аналардың көбінесе, мектеп таңдауға қатысты сауалы көп. Осы бағытта біз деректер базасын құру идеясын қолға алдық. Одан әр адам мектептің сапасын, құрал-жабдықтары мен мұғалімдері туралы біле алады. Электрондық қызмет порталында бір терезе арқылы таңдай алады, —
деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари биылғы түлектер электронды диплом алатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар