«Қайрат» «Галатасарайдан» жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» «Галатасарайдан» жеңіліп қалды

«Қайрат» «Галатасарайдан» жеңіліп қалды

«Қайрат U-17» Стамбулдағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық матч өткізіп, жеңіліп қалды. Бұл туралы алматылық ұжымның ресми сайты жазды.

  • 30 Қараша 2016
  • 730
Фото - Caravan.kz

Кезекті жолдастық кездесуді алматылықтар түркиялық грандтың Академиясындағы құрдастарына қарсы өткізді. Айтпақшы, матч «Галатасарай» Академиясының алаңында өтті.

Түркиядағы жаңбырдың астында өткен матчта командалар тең футбол көрсетті, бірақ сары-қызыл түстілер бір рет «Қайраттың» қақпасынан саңлау таба алды. Ойын түріктердің минималды жеңісімен аяқталды – 0:1.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында «Қайраттың» тәрбиеленушілері түркиялық Премьер-лигадағы «Галатасарай» мен «Бурсаспор» матчын тамашалады. Алматылықтарды алда жиынның соңғы күндері және «Бешікташ» тәрбиеленушілерімен жолдастық кездесу күтіп тұр.


Соңғы жаңалықтар