Жарияланды: 440

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Съез Хатшылығының кезекті Х отырысы аяқталды

Бүгін Астанада Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Съез Хатшылығының кезекті Х отырысы аяқталды,

деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушыларға арнаған қорытынды сөзінде Қ.Мәми түрлі мәдениет пен діндер өкілдерінің бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, теңдік, әділеттік пен төзімділікті орнықтыруға деген ортақ ниетін айғақтаған кездесулердің табысты болғанын атап өтті. Халықтар мен діндер арасындағы өркениетті қатынастарды қалыптастыруда конфессияаралық және мәдениетаралық үнқатысуды қажетті және ерекше құрал ретінде атай отырып, төраға діни лидердердің алдағы төртінші Съезі табысты өтуі үшін бұл талқылаудың маңыздылығына тоқталды. Шара қорытындыларына қатысты Қ.Мәми қол жеткен уағдаластықтар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жер жүзіндегі халықтардың жарқын келешегі жолында барлық конфессиялардың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған іс-қимылды жалғастыру үшін берік негіз болатынын атап өтті. Отырысқа қатысушылар Хатшылықтың Х отырысының күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелерді қарады. Діни лидерлер кеңесінің Тұжырымдама жобасы бекітіліп, оныншы отырыстың Хаттамасы бекітілді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші Съезі 2012 жылы 30-31 мамырда Астанада өтетін болды. Алдағы форумның басты тақырыбы «Адамзаттың таңдауы бейбітшілік және келісім» болып белгіленді. Хатшылықтың Х отырысы жабылғанын жария еткен Қ.Мәми діни лидерлер Съезін өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасына қолдау білдіргені және қызу пікірсайыс өрбіткен қатысушыларға алғыс айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін