Қайрат Нұртас 7 мың долларға тойда ән айтып береді. Отандық жұлдыздар қанша тұрады? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас 7 мың долларға тойда ән айтып береді. Отандық жұлдыздар қанша тұрады?

Қайрат Нұртас 7 мың долларға тойда ән айтып береді. Отандық жұлдыздар қанша тұрады?

Той бизнесі дамымаса, тоқтап қалмасы анық. Осы ретте, әншілердің де жұмыстары алға жүрмесе, кері кетпесі белгілі. Бітпейтін тойға қажеттілігіміз қалай өссе, жұлдыздардың да қаламақасы тоқтаусыз өсіп жатыр.

  • 26 Қазан 2017
  • 2855
Фото - Caravan.kz

Сонымен, алдарыңызға отандық әншілердің бір тойда алатын қаламақысының мөлшерін ұсынып отырмыз:

Қызыңызды танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ән айтып ұзатсын десеңіз, қалтаңызда екі мың доллар көлемінде ақшаңыз бар ма, соны санап алыңыз.

Асхат Тарғынның да құны дәл осындай екен.

Абай Бегей бір миллион теңгеге кешіңізді керемет қып өткізіп береді.

Атақты Кешью қыздарының 40 минуттық ән салғаны да миллион теңге тұрады екен!

Нұржан Төлендиев бір тойдан төрт мың доллар аламын дейді.

Ерке Есмахан 40 минут ән салғанына да дәл осындай қаражат талап етіп отыр.


Мадина Сәдуақасова 4100 долларға қонақтарыңыздың көңілін көтеруге әзір.

Қарақат пен Қыдырәлі Болманов жеті мың долларға тойыңызда ән салып бермек.

Дәл сондай жеті мың долларға жандыратын той өлеңдерімен Бүркіт пен Аиша ән сала алады екен.

Ал хит әндердің орындаушысы Қайрат Нұртас айтқан 2-3 ән үшін дәл осындай қаражат төлейді екенсіз.

Ал танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бес сағаттық жұмысын 15 мың долларға бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар