Қайрат Нұртас алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды

Қайрат Нұртас алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды

Жаңашылдықтан шаршамайтын Қайрат Нұртас тағы да тыңдармандарын таңғалдырды! Елімізге белгілі хитмен алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

  • 13 Мамыр 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Туынды “Думаю” деп аталады. Әннің сазын – сазгер Әбдіханов, ал сөзін – Алексей Маклай жазған.

Бұл орайда Қайраттың өзі: “Я для Вас записал русскую песню, Для меня аплодисменты пожалуйста”, – деп жұрттан сүйінші сұрады.

Ал бір топ тыңдармандар Қайратқа орысша ән жараспайтынын айтып, алдағы уақытта тек қазақша ән айтуға кеңес берді.

“Қайрат не айтса да, хитке айналары сөзсіз”, – деп пікір білдіргендер де табылды.


 

Соңғы жаңалықтар