Қайрат Нұртас, Argonya сынды әншілерге есірткі тасыған қыз бар шындықты хатқа түсірді (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас, Argonya сынды әншілерге есірткі тасыған қыз бар шындықты хатқа түсірді (ФОТО)

Қайрат Нұртас, Argonya сынды әншілерге есірткі тасыған қыз бар шындықты хатқа түсірді (ФОТО)

Гаухар Мұса атты айыпталушы кеше, яғни қарашаның 30-ында өзінің еліміздегі әжептәуір эстрада жұлдыздарына есірткі жеткізіп тұрғанын жазбаша мойындапты.

  • 1 Желтоқсан 2020
  • 675
Фото - Caravan.kz

"Соттағы сөз" тақырыбындағы қолхаттың тұпнұсқасын журналист Ораз Әлімбеков өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады, деп жазды paryz.kz.

Paryz.kz
ФОТО: Paryz.kz

"Мен өзімді ақтамаймын, синтетикалық есірткіні қолданғанымды мойындаймын. Бірақ оны тасымалдаумен айналысқан жоқпын. Мен әншілер Қайрат Нұртас, Арғын Аусаров (Argonya), Амантай Әбеновтің (Әбеке) өтініші бойынша алдым. Алдын ала төленген немесе салған ақшаларын сатушыларға жіберіп, яғни осы адамдарға тауып беріп отырдым. Басқа ешкімге өткізген жоқпын.

Бірақ оларға тиісуге қорқады және оларға тиіскендерін қаламаймын да (құзырлы органдарды меңзегені, — ред.). Алайда мені де есірткі тасымалына айыптаудың қажеті жоқ. Бұл жолы да солай болды, маған Арғын Аусаровтың атынан (Argonya) Полиция департаментінің жансызы хабарласқан болып шықты.

Есірткімен күрес бөлімінің бастығы, атын білмеймін, бірақ көздері ойнақшып тұрады, сол менен Астана қалалық Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды сұрады. Менің тек есірткі қолданды деген айыппен түрмеге қамалмайтынымды айтып алдады.


Ал егер оларды айтсам, іс көпке созылады, қиындап кетеді. Ал қазір мені есірткі тасымалдау бойынша айыптап жатыр екен және үлкен мерзім берілуі мүмкін", — деген Гауһар Мұса өзінің осы сөзін көпшілікке жариялауды адвокатына сеніп тапсырған.

Соңғы жаңалықтар