Қайрат Нұртас: Өзге елдің баласы мені батыр деп жатқанда, арзан күлкіні доғарайық - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Нұртас: Өзге елдің баласы мені батыр деп жатқанда, арзан күлкіні доғарайық

Қайрат Нұртас: Өзге елдің баласы мені батыр деп жатқанда, арзан күлкіні доғарайық

Қайрат Нұртастың “My Universe” әнін сынағандарға өкпесі қара қазандай. Әнші шетелдік әріптестері қолдап тұрғанда, сынап-мінеп жатқан өз жерлестерін түсіне алмай дал.

  • 15 Маусым 2018
  • 91
Фото - Caravan.kz

Әдетте көп нәрсеге көз жұма қарап, үнсіз өте шығатын хитменнің бұл жолы жүйкесі сыр бергендей. Әнші өзін сынағандарға ренішін жеткізді.

“Ұлы ойшыл Әл – Фараби: “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне кедергі әкеледі” деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі тұзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық!

Бірақ ойым, сірә мынадай өсу қарқынмен, санамен, мәдениетпен жауға да, дауға да берілмек түгіл жығып бермек. Өз елімізді, жерімізді, дінімізді сатудан тайынбайтын елге айналуда. Қазіргі кейбір адамзат тым қатты майдаланып, арсызданып кеткені соншалықты, тіптен тіл мен жағына сүйенген, көзі көре тұра соқыр, құлағы ести тұра керең надандық қаситке жол беріп, жақсы мен жаманды ажырата алмайтындығы мені қатты қынжылтады”, – дейді Қайрат.

Бұл орайда Қайрат бұл тақырыпты қозғауының себебін түсіндірді.


“Соңғы оқиғалардың ішінен лидер орын алып, бір аптада xит болып жатқан “My universe” әніне өз пікірімді жазып кетпеске болмады. “Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дер. Өшер елдің баласы бірін бірі … дер” деген мақал дәл осы постқа сай келіп тұрғаны, әттең-ай. Өз еліңіздің баласын, өзге елдің Official blue баласы батыр деп, өнеріме жоғары баға беріп жатқанда, арзан күлкіні доғарайық. Ағайын негізі қолдауды сіздерден, елімнен күтемін, ал мені қоладап жатқан жандарға алғысым шексіз. Ұрпағымыз руxани жағынан бай болуына көп көңіл бөлейік. Ата-бабамыз тектілікті тереңге тамырлаған дана xалық екенімізді ұмытпайық”, – деп түйіндеді сөзін хитмен.

Соңғы жаңалықтар