Жарияланды: 100

Қайрат Нұртастың әйелі бағдарлама тізгінін ұстады

Қайрат Нұртастың әйелі бағдарлама тізгінін ұстады

Әншінің әйелі өткен жылы "Арман" фильмінде бой көрсеткен еді.

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда отандық арналардың бірінде бағдарлама тізгінін ұстамақ. Бұл туралы актрисаның өзі және Қазақстан арнасының басшысы Динара Сәтжан әлеуметтік желіде жазды.

Өткен жылы Қайрат Нұртас 10 жыл жасырған келіншегін "Арман" фильмі арқылы халыққа таныстырды. Сондай-ақ, биыл Алау, Сезім, Хан, Нарұл есімді балаларының қатысуымен концерт өткізді. Аталған кеш барысында әншілік өнерімен көзге түскен Жұлдыз Әбдікәрімова енді жаңа қырынан танылмақ. Бұл жолы ол "Жаңа жұлдыз" атты бағдарламаның тізгінін ұстаған екен. 

Әзірге бағдарламаға қатысты ақпарат тарамады. Тек әлеуметтік желіде алдын ала түсірілген жарнамасы пайда болды. Желі қолданушылары өз кезектерінде бұл бағдарламаны асыға күтетіндерін жазды. Арасында кәсіби тележүргізушілердің нанын ұрламайық дегендер де болды.

"Жарайсың, Жұлдыз. Жеке өзім сіздің жетістіктеріңіз үшін қуаныштымын. Сіз өте талантты жансыз және осымен тоқтап қалмаңыз", "Сенен айналайын! Сәттілік серік болсын, жаным", "Жарайсың! Енді сенің жұлдыздай жарқырайтын кезің келді! Іске сәт! Алға! ", "Жұлдызың жарқырай берсін, Жұлдыз! Кері сөйлеп жатқандар сен секілді 10 жыл үйде отырып, 4 бала туып көрсін, кейін барып сөйлесін" деп жазды желі қолданушылары.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін