Бүгін таңға жуық Жұлдыздың әлеуметтік желідегі, әсіресе, ВКонтакте-дегі белсенділігі артып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Оның осы уақытта желіге салған бірнеше суретінен Қайратқа деген махаббатының арта түскені байқалады. Яғни бұл фотоларда бір-біріне ынтық жандарды көре аласыз.
Сағат 4:05-те салынған мына суретке ештеңе жазылмаған.
Ал бір минуттан кейін қойған мына фотоға Жұлдыз «Саған деген махаббат қанымда бар» деп орысша жазыпты.
Одан соң мына екі суретті салып, қазақша былай деген: «Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әр-бір рөлде өзімді елестетіп, отырсам… Қожайыным: "Томирис xаным! Менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің суперкеліні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды басты рөлде ойнап жүре берші!"- деп, сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады».
Жалпы, Жұлдыз таң атпай Қайратпен бірге түскен басқа да әдемі фотоларын желіге жүктеді.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдікәрімованы жұртқа алғаш әйелі ретінде ресми түрде осы айдың басында екеуі түскен "Арман" фильмінің тұсаукесер рәсімінде көрсеткен еді.