Қайрат Жолдыбайұлы Тазабековке: Жиіркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Жолдыбайұлы Тазабековке: Жиіркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы

Қайрат Жолдыбайұлы Тазабековке: Жиіркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектовтың желіде айтқан видеосы туралы өз ойын айтты.

  • 4 Қазан 2019
  • 8223
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

"Мұқаммеджан! Әркім өзінің табиғаты мен сана сезіміне қарай әрекет етеді. Адам не айтып, не істесе де өзіне істейді. Бірақ өтініш, сасық саясатың мен жағымпаздығыңа асыл дінімізді араластырмашы. Ақсақалыңды сақалынан сүйреп, ақ орамалды әжеңнің құйымшағынан тебесің бе, ол сенің шаруаң, сенің жеткен жерің. Қағбада адамдарға кедергі келтіріп, намаз оқығандарға полиция бір рет ескерткеннен кейін құйымшағын сындыра жаздайтындай етіп, құйрығынан қатты тебеді депсің. Тепсе адамгершіліктен айнып, патшасына табынып отырған саудияңдағы кейбір полицияларың тебетін шығар. Бірақ мұндай айуандықты ислам тұрмақ, көкрігінде азғантай адамдығы бар кез-келген адам жасамайды. Жасай да алмайды. "Бұған бүкіл ислам ғұламалары пәтуа берген" — деп айды аспаннан бірақ шығарыпсың. "Адамдарға кедергі келтіріп намаз оқыған адамды құйымшағын сындыратындай етіп тебуге болады" — деген хайуани әрекетті қай ғұлама құптапты? Бүкіл ислам әлемі ғұламаларын былай қойып, бір ғалымның атын аташы! Айта алмайсың. Өйткені бұл қып-қызыл өтірік. Ендеше діннің атын жамылып өтірік айту, дінді саясатқа қолжаулық ету ауыр күнә!
Дінімізді сүйкімсіз етіп көрсетуге, халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?! Сасық саясатыңды, жеркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы! Өтініш!"