Жарияланды: 420

"Қайрат жұбайын тойларға алып шыға бастады": Гүлзира Айдарбекова бір күнде болып жатқан қуанышын жазды

"Қайрат жұбайын тойларға алып шыға бастады": Гүлзира Айдарбекова бір күнде болып жатқан қуанышын жазды

Гүлзира Айдарбекова бір күнде болып жатқан қуанышын жазды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы желідегі парақшаға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бүгін алғаш рет Қайрат пен Жұлдыз тойды осылай ашты. Екеуінің жолын келін мен баламызға жұғысты етсін деп ырымдап ойластырған той иелерінің қуанышты сәлемдеме видеолары келіп жетіп, бізде қуанып отырмыз. Жастарға бақ-береке тілеп, қос-қос ұлды-қызды ел азаматтары болсын дегіміз келеді. Той-тойға ұлассын!

Бүгін өзі қызық күн болды, келін босанып абдырап жатқанымызда, Жұлдыз да 15:30 дан бастап 17:00 ге дейін Ұлттық арнада "Шаңырақ" атты тікелей эфирі. Ал, сағат тура 18:00-де Шымкентке ұшағы. Заңғар тура сағат 17:00 де көлігімен жеңешесін жұмысынан күтіп алып, қалайда ұшаққа ұлгертуі керек. Міне уайым, тойға бармауына тағы болмайды, қаншама xалық, жүректері алып-ұшқан екі жас, ата-аналары тағатсыз уайыммен оларда күтуде. Телефоныма тыным жоқ. Бір жағы той иелерінің уайымы, екінші жағы немерелі болғанымызға ағайын, дос-жаран, бүкіл Қазақ елінің құттықтаулары. Бар уайымым тыйылып, енді міне түс көргендей, бәрі оңынан болып қуанып сіздермен бөлісіп отырмын.

"Әрбір істің артында қайырымы бар" деп бекер айтылмаған екен".

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть