"Қайраттай болып алсын ол өсекші": Гүлзира Айдарбекова ұлына ойынқұмар деп жала жапқандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Қайраттай болып алсын ол өсекші": Гүлзира Айдарбекова ұлына ойынқұмар деп жала жапқандарға жауап берді

"Қайраттай болып алсын ол өсекші": Гүлзира Айдарбекова ұлына ойынқұмар деп жала жапқандарға жауап берді

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына қатысты қауесеттің нүктесін қойды.

  • 28 Наурыз 2023
  • 5509
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін танымал әншінің құмар ойынға беріліп, ойынханада қарызға белшесінен батқаны туралы ақпарат тарады. Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова мұны жоққа шығарып, ұлын сөз қылғандарға жауап берді.

Оқырманның: “Динара Әлжанның балаңыз туралы айтқанына не дейсіз? Ойынханада көмектескені рас па?” деген сауалына ол: “Кім не айтпай жатыр. Білген өсектерін айта берсін. Қайрат казинода отырса, күніге концерт беріп, тойға шығып жүрген егізі ме екен?! Не істеп жүргенін күніге Instagram-нан көріп отырсыңдар ғой. Қайрат ешкімнің ақшасын тартып не алдап алған жоқ. Журналист жігіт біледі ғой қалай хайп жасап, оқырмандарын көбейтетінін. Қайраттай болып алсын ол өсекші. Жақсының артынан сөз ереді. Мықты бүркіттің артына жабысқан қарғаны елестеттім. Аузын толтырып 400 мың доллар  дей ме, ойдан құрап. Мұндай өсектер алғашқысы немесе соңғысы емес, айта берсін. Алдыңды кесіп өтетін қара мысықтардың кезікпейтін кезі жоқ”, – деп жауап қайырды.


Бұған дейін Динара Әлжанның  казинода қарызға батқан Қайрат Нұртасқа көлігін бергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым