Қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалінің үшінші күні қалай өтті? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалінің үшінші күні қалай өтті?

Қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалінің үшінші күні қалай өтті?

"Азия дауысының" аңыздары бір сахнадан қайта көрінді. Концертті 33 жыл бұрын дәл осы фестивальдің шымылдығын ашқан Гүлнар Досматова мен Мұрат Әбзелбаев жүргізді. 

  • 31 Шiлде 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz

Музыкалық кештің алдында "Азия даусының" тарихында қалған өнер иелері халықпен қауышты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы тілшісі.

Сондай-ақ, жүздеген жас буыннан құралған топ флешмобпен фестиваль туын алып шықты. 

Фестивальдің үш күнінде де Медеуге жиылған халықтың қарасы қалың болды. Осылайша, "Азия дауысы" шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерекелік күй сыйлады. Үшінші күні сахна төрінде нағыз аңыздар өнер көрсетті. Атап айтсақ, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жәмилә Серкебаева, Бауыржан Исаев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Маржан Арапбаева секілді жарық жұлдыздар көрермендерін қуантты.

""Азия дауысының" Медеу шатқалында өтуі дүниежүзін таңдандырды. Себебі әсем табиғатымыздың саясында халықаралық фестивальіміздің өтуі ерекше жағдай. "Азия дауысы" тек музыка емес достықтың фестивалі болып қалады. Конкурсқа қаншама мемлекеттен келіп қатысты. Біздің өзімізден қаншама жұлдыз шығарды. Сондықтан, бұл фестивальдің орны бөлек. Қайта жаңғырып отырғанына біз қуаныштымыз", — деді , Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева

Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді.


Айта өтейік, шараның алғашқы күндерінде Moldanazar, RaiM, Ерке Есмахан, Мирас Жүгінісов, Мархаба Саби сынды отандық жас әншілер сахнаға шыққан

1990 жылы «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінде алғаш рет 15 мемлекеттен келген қатысушы «Медеу» мұз айдынында өнер көрсеткен еді. Жыл сайын өтіп келе жатқан фестиваль 2004 жылдан бергі үзілтен кейін қайта оралып тұр. 

 

Соңғы жаңалықтар