Жарияланды: 3300

"Қайтыс болған жақындарыңыздың рухымен тілдесе аласыз": Елімізде тылсым күштермен байланысты Батыстан келген тағы бір әдіс дендеп барады

"Қайтыс болған жақындарыңыздың рухымен тілдесе аласыз": Елімізде тылсым күштермен байланысты  Батыстан келген тағы бір әдіс дендеп барады

Соңғы уақыттары дүниеден өткен туыстарымен тілдескісі келетіндер көбейген. Ол үшін адамдар Батыстан (Еуропа елдерінен) келген регрессология әдісіне жүгінуде. Өлген адамның рухтары ғана емес "періштелеріңді сөйлетіп беремін" дейтін регроссол мамандардың қатары да толысып келеді.

Бұл әдістен жаға ұстап шошынғандар да, құдырет деп таңданғандар бар

Caravan.kz медиа-порталы осы саланың маманы Индира Миналинадан мән-жайды сұрап білді.

- Сізі қайтыс болған жақындарымен тілестіреді дейді. Қаншалықты рас және өмірден  өткен туыстарымен сөйлсесу үшін жүігінетіндер көп пе?   

- Терапия барысында 10 сұраққа дейін дайындауға болады. 

Алдымен адамды өткен өміріне апаруы мүмкін. Өткен өмірге не үшін барады? Өткен өмірінде қателік (Кісі өлтірген, ішкілікке салынған т.б) жасаған адам мына өмірге кармамен келген. Өткен өміріне барып, қандай қателік жасағанын көріп келеді.

Қайтыс болған адамның рухымен тілдесуге болады. Рухты шақыруға болады. Кей кезде терапияға дайын болып келгендерге рухтар бірден келіп тұрады. Мысалы бір келіншек бірінен соң бірі дүниеден өткен әкесі мен әпкесін көрді. Әпкесі рухтар әлеміндегі кітапханада жұмыс істейді екен.(Рухтар әлемінде ешкім құр жатпайды) Әкесінен "сіз қандай жұмыс істейсіз?" деп сұрап еді. Жанды емдейтінін айтты. Жерден барған рухтарды емдейді екен.

- Жаңа дәуірдің келе жатқаны рас па?

- Жаңа дәуірге ауысып жатырмыз. Жаңа дәуірге тек вибрациясы жоғары адамдар өтеді. Қорқыныш, күмән - төменгі выбрация. 

- Өзге планеталықтар туралы айтып беріңізші

- Инопланеталық рухтардың жарықтан және түнектен келгендері болады. (Қара күштер) Рептелоидтар - 300 мың жылдан бері біздің жерімізде энергиямызды жеп жатыр. Соғыс, ашаршылық, адамдарды бір-біріне өштестіріп қоюдың бәрі солардан келген. Олар біздің ДНҚ-ды өзгертіп тастаған. Негізі адамда қасиет бар. Адам не ойлайды, не айтады соның барлығы болады. Олар соны пайдаланып бізді тек жамандық ойлауға бейімдеп тастаған. 

Қазір бізге көмектесуші инопланеталық рухтар жерге миллиондап келіп жатыр. Қазір жаңадан туылған нәрестелердің арасындағы екінің бірі инопланеталық рух. 

Қазір "жер кімге бұйырады?" деген соғыс болып жатыр. Осы уақытқа дейін жерді түнек басқарып келді. Енді олардың уақыты бітті деуге болады.

XX-ғасырдан бері жердің вибрациясы жоғары. Оған көбі шыдамай өліп кетіп жатыр. Мұны білмегендіктен "коронавирус" дей салдық. Ол да бір үлкен саясат, бизнес, ақша жасау амалы болып тұр ғой. Бір мақсаттары адамдардың жердегі санын азайту болды. Осындай дүниелерден адам өзін қорғай алады. Ол үшін инопланеталықтар үйреткен техникаларды да жасап жүруіміз қажет. 

- Алаш зиялыларының рухтары жерге келгені туралы айтыпсыз...

- Ол кісілердің рухтары жер бетіне келді деп ойлаймын. Себебі олардың рухтары мықты. Күресуге дайын, үлкен тәжірибиесі бар рух. Жақында бір қызға терапия жасаған едік. Оған тәлімгерлері Ахмет Байтұрсыновтың өмірін зертте. Сол жерден сұрағыңа жауап табасың деді. 

- Регрессолгияның тозақ пен жұмақты жоққа шығаратыны рас па?

- Тозақ та жұмақ та жоқ. Бірақ рух ана өмірде өзінің вибрациясына сәйкес орынға барады. Мысалы, төменгі вибрация болса төменгі астралға барады. Адам осы өмірде жамандық жасаса, яки біреуді кешірмесе онда ана өмірде оны ешкім қинамайды. Ол өзін-өзі қинайды. Бұл жан азабы болып есептеледі. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін