Жарияланды: 11900

"Қайын атам сөз салып жүр. Енем мен күйеуім түк білмегендей болады": Жаркенттік жас келін журналистен көмек сұрады

"Қайын атам сөз салып жүр. Енем мен күйеуім түк білмегендей болады": Жаркенттік жас келін журналистен көмек сұрады

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқайға Жаркенттік келін хат жазып, көмек сұраған. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист бұл жайында желідегі парақшасында жазды:

"Сенбілік кештің тақырыбы: келін мен қайын ата болсын.Мына хатты оқып, бұл қалай деп ойланып отырмын. 

Көмектесетіндей заңсыздық көрiп тұрғаным жоқ, арсыздық көріп тұрмын Бiз бiреудiң төсегiн қопарып, іш-киiмiн түгендейтін ток-шоу емеспіз. "Дау-дамайсыз" қоғамдық-әлеуметтік бағдарлама.Дегенмен, мынандай жағдайды бастан кешкенде не істеуге болады, деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

Ал хаттың мәтіні мынадай екен:

"Сәлеметсіз бе! Гүлмира тәте! Сiзден бiр кемек сұрайын деп едім! Мен ... 32 жастамын, күйеуiм 34 жаста б баламыз бар. Біз Жаркент .........ауылында тұрамыз. Мен сыйлы келiнмiн, енді менің басымнан қиын жағдай өтті. Менің қайын атам маған келiп өз сезiмiн бiлдiрiп, жақсы көретінін айтты. Мен үшiн бұл өте сұмдық ұят жағдай. Күйеуіме, енеме дереу айттым. Олар ештеңе болмағандай жүре береміз дейді, ал мен олай журе алмаймын. Ол кiсiнi көргім келмейдi. Менiң сiзден сұрарым басқа жаққа көшіп кетуiме көмектессеңiз. Не істесем болады", деп жазған оқырман. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін