Қайыр сұрап отырған әйел мен қасында қағаз төсеп ұйықтап жатқан сәбилер алматылықтың көңілін босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайыр сұрап отырған әйел мен қасында қағаз төсеп ұйықтап жатқан сәбилер алматылықтың көңілін босатты

Қайыр сұрап отырған әйел мен қасында қағаз төсеп ұйықтап жатқан сәбилер алматылықтың көңілін босатты

Алматы тұрғыны бай-бағландар тоқалдыққа жас, сұлу қыздарды емес, жалғызбасты аналарды алсын деген ұсыныс айтты. Ол осылайша жетім-жесірлерге қамқорлық жасауға шақырды.

  • 4 Тамыз 2017
  • 2398
Фото - Caravan.kz

Бұл мәселені Фейсбуктегі парақшасында Ләззат Тоқмолдаева есімді қолданушы көтерді, деп хабарлайды Caravan.kz.  

Қазіргі таңда қаншама тірі жетім бала мен жесір əйелдер бар. Кеше жолдасым көпірдің үстінде қол жайып отырған, жанары мұңға толы келіншек пен жанында қағаз төсеп ұйқтап жатқан үш сəбиді көріп, көңілі босап, қолына екі мың теңге ұстатыпты. Төселген қағаз үстінде қамсыз ұйықтап жатқан қазақтың қара домалақ балаларын көргенде, қасынан алаңсыз өтіп кете алмағанын айтты. Келіншектің мұңлы жанарынан, шарасыздықты байқадым дейді. "Ешкімнің басына бермесін,сізге алла разы болсын" деп рахметін айтып, жанарына жас іркілген келіншек алғысын жаудырыпты.

Осындай жандарды неге қамқорлыққа алмасқа. Біздің тоқал алғыштар осындай əке мейіріміне зәру жандарды алса, нағыз сауапқа қалар еді. Ал тоқал алсақ деп армандайтындардікі нəпсіқұмарлық, қара бастың қамын ойлау. Жас əдемі қыздарға қызығып, тоқалды желеу етіп, өз құмарларын басқысы келеді.


Жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған қазақ едік қой. Ал үкіметтен пайда жоқтың қасы. Қайыр сұраса да, балаларын тастамай, қанатының астына алып жүрген аналарға қол ұшын кім созады? Бірақ басына түспеген жанның түсіне қоймасы да анық.

Ұрпағымызға қамқор болайық! Бала шағадан безіп, нəпсінің құлы болмайық.

Соңғы жаңалықтар