Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бас жоспар жаңадан құрылмайды, оған өзгерістер енгізіледі. Өйткені бас жоспар 2012 жылы бекітілген. Содан бері Шымкент облыс орталығынан республикалық маңызы бар қалаға айналған.
Шаһар басшысы бас жоспарға LRT және BRT салу енгізілгенін, бірақ жобаынң жүзеге асу-аспауы әлі белгісіз екенін айтты.
"Биыл жоспарға халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Біз қала тұрғындары өз ұсыныстарын енгізуі үшін бір ай уақыт бердік. Басқа мемлекеттерде LRT, BRT қосылғанын өзіңіз көріп жүрсіздер. Сарапшылардың пікірінше, миллионер қалаға балама көлік түрі қажет, өйткені халық санының өсу динамикасы байқалады. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл қалай қосылатыны туралы мәселені үкіметпен талқылаймыз. Дегенмен біз LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастыратын боламыз", — деді Мұрат Әйтенов.
Әкім LRT құрылысының жоспарлары әлі нақты емес екенін, мұның бәрі сызбалар әзірленгеннен кейін шешілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, бәрі инвесторлардың ұсынысына байланысты болады.
"Бүгінде біздің қоғамдық көліктер толығымен нарықтық экономикаға көшті", — деп сендірді ол.