Қаланың жігітіне алданған ауыл қызы
Біздің телеарнадағы «Әйел қырық шырақты» сериалының ертеңгі бөлімінде нәзік жандардың басына түсетін тағы бір шытырман оқиға баяндалады. |
Сәлима ауыл мектебін бітірісімен шаһарға білім қуып келген студент. Ол бір күні қаланың сымбатты жігіті Ерденмен танысады. Сосын Сәлима оны сүйіп қалады. Ал жігіт өтірік ғашық болған кейіп танытып, қызды алдап кетеді. Оңбай алданған бойжеткен басқа түскен қиындықты қалай жеңеді? Шынайы өмірден алынған оқиғаның немен аяқталатынын «Әйел қырық шырақты» телехикаясының ертеңгі бөлімінен, сағат 19:30-да көріп, біле аласыздар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін