"Қалаулым" бағдарламасы жабылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалаулым" бағдарламасы жабылатын болды

"Қалаулым" бағдарламасы жабылатын болды

Шараны ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қолға алмақшы.

  • 1 Наурыз 2018
  • 570
Фото - Caravan.kz

"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесі "Қалаулым" бағдарламасын жабуды ұсынды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл жайында айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екенін ескере отырып, ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін "Қалаулым" бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Аяқталу нысаны – "Мирас" РК ұсыныс. Орындалу мерзімі 25 сәуірге дейін 2018 жыл", – делінген құжатта.

Айта кетейік, Астанада "Мирас" кеңесінің жиыны өтіп жатыр. Шараға ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысуда.


Соңғы жаңалықтар