Қалаулым қатысушысы: Дипломды 135 мыңға сатып алдым - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалаулым қатысушысы: Дипломды 135 мыңға сатып алдым

Қалаулым қатысушысы: Дипломды 135 мыңға сатып алдым

"Қалаулым" жобасының қатысушысы Сұлуфан Самат дипломды сатып алғанын айтып берді.

  • 15 Қазан 2019
  • 48
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Шахкерім Кәрменовке берген сұхбатында айтып берді.

"Дипломды қайта, қайта ашып, жауып жүрген кезде ішінде басқа бір қыздардың тақырыбы кіріп кеткен, бір дипломның ішінде үш тақырып жүр. Дипломды өзім жазған жоқпын, ақшаға жаздыртып алғанмын. Неге екенін білмеймін, бір кісіге жазып беріңізші дедім. Ол кісі менен басқа менімен бірге оқитын 5-6 студенттің жұмыстарын алған екен. Мен оны қайтадан 15 мыңға жөндеттім, дипломды қорғап жатқан жерімде "дипломыңыңды ашып қарадың ба", — деген сұраққа "иә, қарадым", — деп жауап бердім. Ол жерде барлық студенттер, профессорлар, мұғалімдер отырған еді. Ішін ашып, жауып жүріп оған тіпті мән бермеген едім, ештеңе айта алмай қалдым. Барлық мұғалімдердің көзінше дипломдық жұмысымды қоқысқа тастай салдым. Дипломымды жазып берген адамға қайта хабарласып, сол күні 5-ке таман қайта жөндеп жіберді. Келесі күні дипломдық жұмысымды бердім, бірақ қорғаған жоқпын. Дегенмен де дипломым қолыма тиді", — деп жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар