Қалдыбек Құрманәлі: Мен сүйген қыздар көп, олардың бірнешеуінен балам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалдыбек Құрманәлі: Мен сүйген қыздар көп, олардың бірнешеуінен балам бар

Қалдыбек Құрманәлі: Мен сүйген қыздар көп, олардың бірнешеуінен балам бар

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі жеке өміріне қатысты құпияның сырын ашты. Ол өмірінде бірнеше рет ғашық болғанын, өзі сүйген қыздардың бірнешеуінен ұрпақ сүйгенін мойындады. Композитор отбасынан бөлек, қанша баласы бар екенін білмейтін болып шықты.

  • 14 Наурыз 2022
  • 3687
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалдыбек Құрманәлі жұбайымен 1997 жылы танысып үйленгенін айтады. Эльмира есімді жары композиторге 4 ұл, 1 қыз сыйлаған. 

"Эльмира менен 9 жас кіші. 4 ұл, 1 қыз туды. Бәрін менен туды деп ойлаймын. Қожаның қызы, түбі араб. Кейде маған: "Қалеке, қазақты, ұлтымды жақсы көрем деп әңгіме айтасың. Неге қазақтың қызын алмадың?" – дейді. Бүкіл қазақтың қызы – менің қарындасым, қазақтың қызын қалай аламын?" – деді Құрманәлі. 

Композитор өмірінде бір-ақ рет үйленгенін атап өтті. Алайда үйленгенге дейін өзі ұнатқан бұрымдылардың көп болғанын растады. 


"Бәрінің аты-жөнін, қай қалада тұратынын білемін. Олардың бірнешеуінен балам да бар. Өз өмірім жайлы кітап жазып жатырмын, сол жерде бәрін айтамын. Жасыратын ештеңе де жоқ менде. Санаған жоқпын, оны есептеу үшін арнайы есептегіш құрал болмаса, арнайы уақыт бөлу керек. Бұл менің жүргіштігім немесе қатынқұмарлығым емес", – деген Қалдыбек Құрманәлі мұның бәрі отбасын құрғанға дейін болған жағдай екенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар