Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің ұлы туралы: "Туған әкесінің өлімін 17 жылдан кейін ғана қозғау масқара ғой" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің ұлы туралы: "Туған әкесінің өлімін 17 жылдан кейін ғана қозғау масқара ғой"

Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің ұлы туралы: "Туған әкесінің өлімін 17 жылдан кейін ғана қозғау масқара ғой"

Композитор Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрт Заманбекұлы туралы ойын айтты.

  • 6 Мамыр 2022
  • 6259
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Nege.kz басылымына берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қайраттыкі дұрыс та шығар. Бірақ, ол тым кеш қозғалды. Туған әкесінің өлімін 17 жылдан кейін ғана қозғау масқара ғой!

Қайрат ол кезде Алматыдағы тұрғын үй басқармасын басқарды. Жылы орнынан айырылып қалудан қорыққан болса керек, қозғалмады.

Сол кезде ол: «Менің әкем суицид жасаған жоқ!», – деп қарсы пікір айтса, мұқым қазақ елі оны жақтайтын еді. Ол кезде халық та билікке ашулы болған. Бірақ, ең жақыны үнсіз қалған соң, іс те жабылды.

Сол кезде ҰҚК Мақпалдың соңынан адам салды. Концерттерін өткізбей, телеарналарға шығармай, үйге қамап қойды. Өнер адамы үшін ауыр соққы ғой. Бірақ, Мақпал еркекке тән ерлік жасады. Жыл сайын қатым түсіріп, әр апта Зәкеңнің басына барып құран бағыштады. Реті келсе, телеарналардан, газеттерден «бұл суицид емес!» деп ашық айтты. Сол кезде Қайрат қайда қалды?!", — деді Қалдыбек Құрманәлі.


Естеріңізге сала кетейік, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жылдан кейін әкесінің өліміне байланысты прокуратураға істі қайта қарау жөнінде арыз жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар