Қалдықтан консерві шығарған британдық қыз королевадан алғыс алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалдықтан консерві шығарған британдық қыз королевадан алғыс алды

Қалдықтан консерві шығарған британдық қыз королевадан алғыс алды

 Британдық Дженни Доусон 4 жыл бұрын көптеген көкөністер мен жемістердің Лондонда бір күн ішінде сатылмағаны үшін қоқыс контейнерлеріне төгілетінін көрген.

  • 28 Мамыр 2014
  • 484
Фото - Caravan.kz

Ол банктегі беделді жұмысын тастап, осы мәселені шешу жолдарын іздеуге кіріскен, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дженни көкөніс консервілерін өндіру бойынша "Rubies In The Rubble" компаниясының негізін қалады. Ол үшін шикізат ретінде күн соңында фермерлік базарлардан жиналған қалдықтар қолданылған.

Осы жылы Дженни еңбегі жоғары бағаланды, деп хабарлады Kedem.


Дженнидің компаниясында өндірілген консервіленген көкөністер, жемістер мен соустар Ұлыбританияның беделді дүкендеріне саудаға түскен. Танымал аспаз Джейми Оливер оған пиккалинидің партиясына тапсырыс берсе, королева Елизавета ІІ алғыс хат жолдады.