Қалмұханбет Қасымов шетелдік әріптестерімен трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалмұханбет Қасымов шетелдік әріптестерімен трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылады

Қалмұханбет Қасымов шетелдік әріптестерімен трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылады

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Бейжіңде бірқатар шетелдік әріптестерімен трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылады. Бұл жайында аталған министрлікке қарасты Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 223
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, Қалмұханбет Қасымов бастаған делегация Бейжіңде өтіп жатқан Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) Ассамблеясының 86-шы отырысына қатысуда.

«Интерпол отырысы аясында Қ.Қасымов ұйымның бас хатшысы Ю.Штокпен, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрі В.Колоуольцевпен, Тәжікстан Ішкі істер министрі Р.Рахимзодамен,  Беларусь Ішкі істер министрі И.Шуневичпен, Молдова Ішкі істер министрі А.Жизданмен екіжақты кездесу өткізді. Жүздесулер барысында трансшекаралық қылмыспен күрес, қылмыскерлерді халықаралық іздеу және экстрадициялау салаларындағы өзара іс-қимылды одан ары нығайту мәселелері талқыланды», — деді А.Садубаев.

Айта кетейік, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) Ассамблеясының 86-шы отырысына 156 елдің өкілі, оның ішінде полиция ведомстволарының 62 басшысы, 30  ішкі істер және әділет министрі, 2 Премьер-Министрдің орынбасары, сондай-ақ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының басшылары қатысуда. Алқалы жиын барысында Соломон аралдары мен Палестина Интерполға мүшелікке өткен болатын.


 

Соңғы жаңалықтар