"Қалың малым 3 миллион": Дирижер Индира Айтберген қымбатшылыққа байланысты қалың малы өсіп жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалың малым 3 миллион": Дирижер Индира Айтберген қымбатшылыққа байланысты қалың малы өсіп жатқанын айтты

"Қалың малым 3 миллион": Дирижер Индира Айтберген қымбатшылыққа байланысты қалың малы өсіп жатқанын айтты

Қымбатшылыққа байланысты қалың малдың да құны өскені дұрыс па? Әлде, қалың малға шектеу қою керек пе? 

  • 27 Сәуiр 2023
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Жаңа қадам" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарлама барысында дирижер Индира Айтберген қалың мал жайында былай дейді: 

— Жігіттер, қалың мал үшін қорықпаңыздар! Ол бәрібір сіздерге дүние есебінде қайтып келеді. Яғни, сол ақшаға артымнан дүние әкеледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Алдыңғы жылдары қалың малым 1 миллион болған,  енді қазір 3 миллион теңге. Өсіп жатыр. Өйткені, қазір бәрі қымбат, жылдан жылға өсіп жатыр.  Сондықтан қазір3 млн деп айтам, өйткені өзімнің жасауым бар, екіншіден анашыма кішкене көмегім болсын деймін." дейді дирижер Индира Айтберген.

Көпшілік "болашақ жарыңыз екеуіңіз бірлесіп, сол жасауды бірге жасауға болмай ма, үлкендерге салмақ салмай", "Сонда анашыңа жігіттің есебінен көмектесіп қалғыңыз келе ме ", "Ойы қандай мына қыздың" деген пікірлер қалырды.


 

Соңғы жаңалықтар