Қалың қар бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалың қар бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады

Қалың қар бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады

Еліміздің бірнеше өңіріне қыс келді. Әсіресе, Солтүстікте  боран соқса, Көкшетауда тізеден келетін қар жауған. Сынап бағанасы -20 градусқа жеткен шаһарлар бар. Қарағанды мен Ақтөбеде де жағдай мәз емес. Коммуналшылар аяқасты төккен ақ ұлпаны тазартып тазартып үлгере алмай жатыр. Ал еліміздің бас қаласы Астанаға жауған қардың соңы көктайғаққа ұласып қозғалыс мүлдем қиындап кетті.

  • 23 Қазан 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz

Алғашқы қалың қар таң ата Астананың тіршілігін тұралатып тастады. Түнімен жауған жаңбырдың соңы қалың қарға ұласқандықтан көшелерде кептеліс. Жұрт жұмысқа кешіксе, ал доңғалақ ауыстыру орталықтарында  ұзын сонар кезек.

Бегалы Досанов, Астана қаласының тұрғыны:

-Сағат 10-нан бері тұрмын. Қазір неше болды? Бір жарым сағат болыпты. Әлі күтіп отырмын. Екі машина бар.

Ал, доңғалақ ауыстыру орталықтарына жетпей көше ортасында соқтығысып қалған көліктер жетіп артылады. Жалпы Астанада көк тайғақтан күні бойы жүзге жуық жол апаты болған.

Жыл сайын қалың қарға төтеп бере алмай сынға қалатын әкімдік бұл жолы да қарды тазартып үлгере алар емес. Техникаларын гараждан шығарып үлгермеген коммуналдық мекемелер де жанталасып жатыр. Тек, бар күшін министрлер жүретін Есілдің сол жағалауындағы ірі даңғылдарды тазартуға жұмсап жатқандай.  

Ауа райының осылай қыңыр мінезі жолаушылар үшін де қайғылы аяқтала жаздады.Түнде Астана-Қарағанды тас жолында адамдар жолда қалып қойған. Ресейдің Тюменінен Қырғызстанға шыққан автобус сынып, ішіндегілер суықта сағаттап далада тұрып таңға жақын құтқарылған.

Ал бұлКөкшетау. Таңнан бері көліктер осылай батып жатса, жұрт ауласын тазартып әлек. Мұнда бір түннің өзінде 1 айлық мөлшерде ақ ұлпа түскен. Тек оны аршып жатқан коммуналшылар көрінбейді.

Айдын Жылқыбаев, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Машинамыздың барлығы қар. Машинамызды аша алмай жатырмыз. Бұл өзі 6 айда тұсетін қар-ау.

Қарағанды мен Солтүстік Қазақстанда да қыс қаһарына мінген.

Қалың қар тұрғындарды әуреге салып жатыр. Ал, Ақтөбеде көк тайғақта көпір үстінде 7 бірдей көлік соқтығысып ірі жол апаты болды. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпеді.

Айнұр Әбенова, «Қазгидромет» орталығының қызметкері 

-Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы суық антициклон ыкпалында болатындықтан еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында ең аязды күндер 12-17 градусқа дейін күтіледі.

Сәйкесінше, көктайғақта алдағы бірнеше күнде сақталмақ. Ал қаһарына мінген қыс жалғыз Астанаға емес, барлық әкімдерге үлкен сын болғалы тұр. Себебі жолды қарды уақытында тазартып, республикалық, қалааралық қатынастардың үзілмеуі ең маңызды мәселе. Коммуналдық мекемелердің жаман атқа қалмай,сыналар шағы да осы.