Қалың тұман Астана әуежайын әбігерге салуда - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалың тұман Астана әуежайын әбігерге салуда

Қалың тұман Астана әуежайын әбігерге салуда

Астананы басқан қалың тұман әлі сейілер емес. Зардабын жолаушылар тартып жатыр. Бүгін тағы 7 әуе рейсі тағы кешігіп, жүздеген  адам діттеген жеріне уақытында жете алмады.

  • 7 Қараша 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


Елорда әуежайында бір аптадан бері дәл осындай абыр-сабыр. Жолдан қалған жұрт жүктерін арқалап тұманның сейілуін сағаттап күтіп жүр. Бүгін Астанадан Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Талдықорғанға қатынайтын   ұшақ пен бірнеше халықаралық рейс кешікті. Қазір бас қаламыздағы әуежай күшейтілген тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Табиғаттың тосын мінезінен мезі болған жолаушылардан маза кеткен. Ал синоптиктер болса, тұмшалаған тұман жақын күндері басылады деп оларды жұбатып отыр.