"Қалыңмалым 20 миллион" - Дана Кентай - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалыңмалым 20 миллион" - Дана Кентай

"Қалыңмалым 20 миллион" - Дана Кентай

Қызыл дипломы мен оқу орнының санын жіпке тізгендей айтқан танымал әнші Дана Кентай қалыңмалын 20 миллионға бағалады.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 1736
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Қалыңмалымды қанша миллион дейін? Консерватория бітірдім, магистратура оқыдым, қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяндарым мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?” – деген әнші тыңдарман арасынан 2 миллион деген жауап естіді. Әншінің сөзінен 2 миллионды азсынғанын байқауға болады. 

“2-ақ миллион ба? 20 миллион деді мында. Қалыңмалым 20 миллион, триллион”, – деп әзілдеді әнші. Әңгімені қалжыңға айналдырған өнер иесі қалыңмалды керек етпейтінін айтты.

“Жақсы, қазақтың иманды жігіті болса болды, тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес”, – дейді Дана Кентай. 


Өнер жұлдызының қарапайымдылығы көпшілікті сүйсінті.

“Жарайсың, Дана”, “Биылдан қалмай ұзатылуыңды, өзің сияқты қарапайым жігіт кезігуін тілеймін”, “Дана десем данасың ғой”, “Қарапайым жансыз”, “Бағың ашылсын”, – деп ақжарма тілектерін арнады желі қолданушылары.

 

Соңғы жаңалықтар