Қалыңмалына 10 млн берілген қазақ қызына күйеуі 3 бөлмелі пәтер сыйлады (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалыңмалына 10 млн берілген қазақ қызына күйеуі 3 бөлмелі пәтер сыйлады (Видео)

Қалыңмалына 10 млн берілген қазақ қызына күйеуі 3 бөлмелі пәтер сыйлады (Видео)

Араб жігітіне тиіп, елдің қызу талқысына түскен қазақ қызы Динара Мұсабаеваға күйеуі Шымкенттің орталығынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

  • 20 Ақпан 2022
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұл қуанышты жаңалығымен отандасымыз Экспресс К тілшісімен бөлісті.

Сұлтан Әзиз әйелімен шаңырақ көтергеніне 7 күн толғанда жұбайына тосынсый жасаған. Қазаққа күйеу бала 7 қасиетті сан екенін алға тартып, осылайша әйелін ерекше қуантпақ ниетте болыпты.

Сыйға берілген баспана — үш бөлмелі. Араб жігіті бұл сыйлықты әйеліне ерекше жағдайда тарту еткен. Ерлі-зайыптылар Шымкенттегі мейрамханалардың біріне романтикалық кешкі асқа барған.

"Шынымды айтсам, мен үшін күтпеген жағдай болды деуге болады. Өте қатты қуандым. Бұған дейін өзімнің бір бөлмелі пәтерім болды. Отбасылы болған соң кеңдеу баспана керек қой (күліп). Шыны керек, әлеуметтік желілерде маған және күйеуіме қатысты әлі де негатив пікірлер жазылып жатыр. "Осылар да қоймайды екен" дейтіндер табылатынын сезіп отырмын. Мен ондайларды түсінбеймін. Себебі сыйға берілген пәтер бөтен адамның емес, өз күйеуімнің маған жасаған сыйы. Өз қазағымызда да әйелдеріне баспана, көлік сыйлап, тіпті бизнесін ашып беріп жатқан еркектер жетерлік қой… Қазақта "қуанышты бөліссең, көбейеді" деген сөз бар емес пе?! Осындай баспана үйсіз жүрген барша қазаққа бұйырсын дегім келеді", — деді қазақ қызы.


Динара Мұсабаева тұрмысқа шыққаннан кейін өз өмірі туралы көбірек білгісі келетін желі оқырмандары артқанын алға тартты. Мүмкіндігінше олармен кері байланыс орнатып отырады екен.

Жаңа пәтердің видеосын оқырмандарымен бөлісуге келісті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қалыңмалына 10 миллион теңге берілген қазақ қызы туралы бейнежазбалар пайда болды.

Соңғы жаңалықтар