Қамауда отырған "Жабайы Арман" "тамырын кескен". Неге? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қамауда отырған "Жабайы Арман" "тамырын кескен". Неге?

Қамауда отырған "Жабайы Арман" "тамырын кескен". Неге?

ІІМ-нің тергеу изоляторында "Дикий Арман" өзіне қол жұмсап өлмек болған деген ақпарат бар деп жазды танымал журналист Ораз Әлімбек.  

  • 4 Ақпан 2022
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  автордың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ораз Әлімбек былай деп жазды.

"ІІМ-нің тергеу изоляторында "Дикий Арман" өзіне қол жұмсап өлмек болған, ол "тамырын кескен" деген ақпарат бар. Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт екені туралы ақпарат тарады.

Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған "Дикий Арман" қылмыс әлемінің серкесі "Леха Маймышқа" "жала жауып", "Қанды қаңтар" оқиғасында "соның нұсқауымен ойран салғанын" айтыпты. "Дикий Арманның" дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полиция да "ертегінің" осылай аяқталғанын қалайтын сияқты.

"Дикий Арман" да өлуге бейіл. Себебі, "Маймышқа" жала жапқан соң, оны қандай түрмеге тығып қойса да, "Дикий Арманды" қылмыс әлеміндегі бұрынғы авторитетінен жұрдай қылып, әбден қорлап өлтіреді. Қылмыс әлемінің пәтуасы қандай болатыны қазірдің өзінде белгілі.

"Дикий Арманның" тірі куә болып қала беруіне бір ғана адам мүдделі. Ол -Путин. "Дикий Арманның" "бозғұрттармен" (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. "Дикий Арман" осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс. Бұл компроматты Путин Қазақстандағы абициясы асып тасып тұрған бір кланға және Ердоғанға қарсы пайдалану үшін сақтап қояды",- деп жазды ол.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде көпшілік
"Дикий Арман" қысымға шыдамай "Леха Маймышты" сатып кетті ма
деген күдік жайлы айта бастаған.

Соңғы жаңалықтар