"Қан төгілуіне себепші болғым келмеді". Ауғанстан президенті бейнеүндеу жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қан төгілуіне себепші болғым келмеді". Ауғанстан президенті бейнеүндеу жариялады

"Қан төгілуіне себепші болғым келмеді". Ауғанстан президенті бейнеүндеу жариялады

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашқаннан кейін Facebook-парақшасында алғаш рет бейнеүндеу жариялады.

  • 19 Тамыз 2021
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Саясаткер БАӘ-де екенін, ал Кабулдан ақша алып қашты деген қауесет негізсіз екенін айтты.

"Кабул құлаған күні не болғанын егжей-тегжейлі кейін айтып беремін… Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болдым, себебі Кабулда қан төгілуіне себепші болғым келмеді", — деп келтірді оның сөзін РИА Новости.

"Мен Кабулдан ақшамен кетіп қалдым деген айыптаулар шындыққа жанаспайды", — деді Ғани. Сонымен қатар, ол жақында Ауғанстанға оралатынын айтты. 

Ғани "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған — еск.) өкілдері Кабулға кірмеуге уәде бергенін, бірақ президент сарайын алдын ала қоршап алғанын атап өтті.

Ауған басшысы отандастарын өз халқын сатты және бас амандығы үшін қашып кетті деген сөздерге сенбеуге шақырды.

"Егер біреу сізге "Президент сендерді сатып кетті, өзінің қаржылық мүддесі және жанын аман алып қалу үшін қашты" десе, сенбеңіз", — деді Ғани.


Президент Ауғанстанда оған дайындалып жатқан қастандық туралы хабарланғанын айтты.

Бұған дейін БАӘ СІМ Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен оның отбасы елде екенін растаған.

Сондай-ақ, Ғани елден қашып бара жатқанда, мемлекет қазынасынан 169 миллион доллар жымқырды делінген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар