Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

 

  • 8 Қазан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Алматыда 26 қазанда өтетін титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс жанкүйерлері күткен жаңалық «Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасында жарияланды. «Билеттер сатылымы басталды! Zakazbiletov.kz — профильдегі белсенді сілтеме. Сондай-ақ, оффлайн түрде «ZAKAZBILETOV.KZ кеңсесінен (Наурызбай батыр 152А мекенжайынан), «Овация» тұрғын үй кешенінің 4 кеңсесінен алуға болады. Жұмыс кестесі 10:00-18:00 аралығы. Билеттер үзіліссіз, сенбі және жексенбі-демалыс күндері де сатылады. Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы ғимаратындағы — «Visit Almaty» орталығынан билет алуға болады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қанат Исламның қарсыласы белгілі болғанын жазған едік. Аталған бокс кешінде басты жекпе-жек Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) арасында өтеді. Ал осы бокс кеші аясында тағы Арман Рысбек (6-0, 5 КО), Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО), Асқар Ерубек (1-0, 1 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (1-0, 0 КО) пен Бексұлтан Раушановтың (5-1, 3 КО) жекпе-жектері жоспарланған.


 

Соңғы жаңалықтар