Қанат Исламның жеңісін мойындамады: "Қазақтың" жекпе-жегі дау тудырды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Исламның жеңісін мойындамады: "Қазақтың" жекпе-жегі дау тудырды (ВИДЕО)

Қанат Исламның жеңісін мойындамады: "Қазақтың" жекпе-жегі дау тудырды (ВИДЕО)

Алматыда қазақстандық Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-2, 17 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп жазады Sports.kz.

  • 27 Қазан 2019
  • 43
Фото - Caravan.kz

Боксшылар бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулы үшін тартысты. Жекпе-жек 10 раундқа созылып, қазақстандық төрешілердің шешімімен (97-92, 97-92, 99-92) Қанат Исламның жеңісімен аяқталды. Бесінші раундта Каутондоква нокдануға түсіп қалды.

Дегенмен, қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспей жатқандар бар. Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандардың көпшілігі бұл жолғы жекпе-жекте Қанат жеңіліп қалды деп есептейді, жеңісті Каутондовкаға беру керек еді.

Ал Boxingscene.com сайты Қанат Исламның жеңісін мойындаудан бас тартты.

"Ислам үшін ең үздік болған бесінші ранудтан кейін қазақстандық боксшы әлсіреп қалды. Оның төзімділігі таусылды, ал Каутондокваның керісінше екінші тынысы ашылды. Бірақ төрешілер жеңісті Исламға берді. BoxingScene жекпе-жекте Каутондоква жеңді деп есептейді. Андрадемен кездескісі келетін Исламның мүмкіндігі күмән келтіреді. Оған және оның командасына әлі де жұмыс істеу керек екені анық", — деп жазады Boxingscene.com.


Айта кетсек, Қанат Ислам үшін бұл 27-ші жеңіс. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Уолтер Каутондоква екінші рет жеңілді. Былтыр ол америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) өткен жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген еді.

Соңғы жаңалықтар