"Қанат қант ұрлады". Әлеуметтік желіде әнші-әртістер қанттың қымбаттауын күлкіге айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қанат қант ұрлады". Әлеуметтік желіде әнші-әртістер қанттың қымбаттауын күлкіге айналдырды

"Қанат қант ұрлады". Әлеуметтік желіде әнші-әртістер қанттың қымбаттауын күлкіге айналдырды

Instagram, TikTok желісінде қанттың қымбаттағанын күлкіге айналдырған немесе сынау мақсатында түсірілген видеолар көбейді. Оны түсіріп парақшаларына салғандардың көпшілігі елге танымал жұлдыздар. 

  • 15 Наурыз 2022
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мәселен біреулер әр айда қанша қант мөлшерін пайдаланғаны жайлы салыстырма видео түсірсе, Қанат Әлжаппаров қонақта қант ұрлағаны жайлы күлкілі видео түсіріп таратуда. 

Оқырмандар  «Сол өмірге келе жатырмыз ба деп те кейде ойлаймын. Күлетін нәрсе, бірақ шындық», «Күлкілі, әрі қайғылы», «Әңгіме жоқ, дөп тиді», «Азатын болдық», — деген пікірлер қалдырды. 

Алтынай Жорабаева болса строис-те қанттың қымбаттауына Дубайда жүрген менің не қатысым бар деп сауал тастады. 

Көпшілік әнші-әртістердің қанттың қымбаттауына неліктен сонша видео түсіріп, белсенді бола қалғанына таң қалды. "Неге қаңтар оқиғасына, саяси жағдайларға  дәл осылай ой айтпайсыңдар, Украина мәселесін неге көтермейсіңдер? Қантты бәрің айтып кеттіңдер. Жеңіл нәрсеге үйрсіңдер, одан арыға бара алмайсыңдар" деп сынап тастады. 

Әнші Айқын Төлепберген бұл жайт жайлы ән орындап беріп, халықты сабыр сақтауға шақырды.

Алайда желі қолданушылар әншіні сынға алды.

«Айқын, сол халыктың арқасы ғой үй салып жатқанын», «Тоқ бала аш баламен ойнамайды»,- деп наразылығын білдірді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

 

Соңғы жаңалықтар