Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің барлығына дерлік өтемақы төленді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің барлығына дерлік өтемақы төленді

Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің барлығына дерлік өтемақы төленді

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлерге 14,5 миллиард теңге өтемақы төленді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

  • 7 Шiлде 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, 66 өтінім қанағаттандырылмаған. Өйткені олар шағын және орта бизнес саласына жатпайды, жеке тұлға атынан өтінім берген немесе Алматыда тіркелмеген.

"Бүгінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің 99%-і өз қызметін қалпына келтірді және толыққанды салық төлеуші саналады. Он алтыға жуық компания қалды, олар бойынша қорытынды керек. Оны алғаннан кейін біз оларға 2,8 миллиард теңге төлейміз. Қажетті ақша бар", — деді Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Барлығы қаңтар оқиғасынан зардап шеккен ШОБ-тың 14,5 миллиард теңгеге 1594 өтінімі мақұлданды.


"Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-і жұмыс істейді. Сондықтан бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 миллиард теңге бөлініп, 46,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 миллиард теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды", — деді әкім.

Нәтижесінде 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті.

Соңғы жаңалықтар