"Қаңтар оқиғасын айтып та, жазып та жүргендер бар": Ләйлә Сұлтанқызы Динара Егеубаевамен сөзге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаңтар оқиғасын айтып та, жазып та жүргендер бар": Ләйлә Сұлтанқызы Динара Егеубаевамен сөзге келді

"Қаңтар оқиғасын айтып та, жазып та жүргендер бар": Ләйлә Сұлтанқызы Динара Егеубаевамен сөзге келді

Желіде тараған Димаш Құдайбергеннің қаңтар оқиғасына қатысты айтқан видеосы журналистер арасында дау туғызды. 

  • 14 Сәуiр 2022
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Жақсы жаңалық керек пе? Димаш үнсіз қалмады. Ол өз концертінде соғысқа қарсы шықты. Қазақстандық әртістердің барлығы дерлік қаңтар кезінде де, қазір де үнсіз қалды. Бірақ, Димаш еш қорықпады. Жарайсың Димаш!", деп жазды желідегі парақшасында. 

Бұл нәрсеге бей-жай қарамаған Ләйлә Сұлтанқызы өз пікірін жазды: 

" Құрметті оқырман, Динара. Мен кәсіби мамандардың еңбегін жоққа шығара алмаймын. Жазған да, көрсеткен тілші, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Ешуақытта көпке топырақ шашуға болмас. Мақсаттың, Дәулеттің эфирлерін, не Нұрсейіттің бағдарламаларын көретін де боларсыздар(бұл кісілер тек журналист). Нақты әртістер десеңіздер Нұрлан Албан қанша көтерді, айтты, соңынан ерген іні қарындастарын да көріп қалдым. КВН басқасында жүрген. Менің бар ойым, біреуді жақтау емес. Бәрі сондай деген пікір қалыптаспау керек деп ойлаймын. Ары қарай жекеге өткеніміз жөн болмас".

"Динара все деп айтуға болмайды. Сіз қазақтілділерді оқымайтын шығарсыз, көбі пікірін айтып та, жазып та жүр" , деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 


Оқырмандар: "Дəулеті бар басқасы бар бәрі тоқаевтың қаңтардағысын қолдап отыр ғой, қолдамасада айта алмай бетке шындықты, сондықтан олар жәй куклалар", "Динарадай бола алмайсыздар", "Кім жазды? Бүркітсымақтын жазғаны ма?! Біз оқимыз,ешкімнен есімеппін, кім ол? Айтыңызшы, бізге де,біліп жүрейік мүмкін көрмей қалған шығармыз. Кім айтып жатыр екен? Қаңтар қырғынында Албанан басқа ешкімді көрмедік. Айтса да тығылып айтып жатқан шығар", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар