Қаңтардағы бүлік: депутат жетім балаларды босатуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтардағы бүлік: депутат жетім балаларды босатуды талап етті

Қаңтардағы бүлік: депутат жетім балаларды босатуды талап етті

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов тергеу изоляторында отырған балалар туралы айтты.

  • 9 Ақпан 2022
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінде ұсталғандардың кейбіреулері жалпы топтың толқынына ілесіп, заңсыз әрекеттер жасағанын мойындап та отыр. Олардың көпшілігі өздерінің басқа мақсатта пайдаланылғанын түсініп өкінуде. Ауыр қылмыстар мен кісі өлтірулер басталған кезде алаңдағы топты тастап қайтып кетпек болғаны, алайда, белгісіз біреулер қарумен қорқытып, оларды тәртіпсіздік пен тонауға мәжбүрлеп, көпшілік арасынан шығуға мүмкіндік бермеген жайттар да бар", — деді Дүйсенбинов мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда депутат бейбіт тұрғындарды ғимараттарды қиратқан бұзақылар мен кісі өлтірген қанішерлерден ажырату қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жазаны жеңілдетуге болатынын жазған.

"Адамдарды өлтіруге және ғимараттарды талқандауға қатысы жоқ ұсталғандар бойынша қажет болған жағдайда ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, уақытша ұстау изоляторынан босату керек деп санаймыз. Ұсақ заңбұзушылыққа жол бергендер қылмыстық істерді тоқтатып, ата-аналарының жауапкершілігімен үйіне жіберілгені жөн. Сондай-ақ, тергеу изоляторында жақында ғана балалар үйінен шыққан, іздеушісі жоқ бірнеше жас бала бар. Олар үшін жазасын ауырлататын жағдай болмаса, өз атымнан, босатуды талап етемін", — деп атап көрсетті Дүйсенбинов.

Бұдан бөлек, депутаттар қамауда отырғандарды азаптау мен ұрып-соғудан қорғап, жарақат алғандарға немесе басқа мұқтаждарға медициналық көмек көрсетуді талап етті. Тергеу кезінде қорғаушылар міндетті түрде болуы қажет.


"Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін мәжіліс пен сенат депутаттарының арасынан жедел түрде парламенттік комиссия құрып, оларды тез арада қамауда отырған Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Атырау, Ақтобе қалаларының тергеу изоляторларына жіберуді ұсынамыз", — деді Дүйсенбинов.

Соңғы жаңалықтар