Қаңтар-маусым Қазақстан халқы 124 мың адамға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар-маусым Қазақстан халқы 124 мың адамға артты

Қаңтар-маусым Қазақстан халқы 124 мың адамға артты

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан халқы 124 мың адамға артты.

  • 18 Тамыз 2014
  • 1169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2014 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 284,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар — 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар — 7 761,8 мың адамды (44,9%). 2014 жылғы қаңтар-маусымда жалпы елімізде халық саны 124,1 мың адамға немесе 0,7 пайызға  өсті, 2013 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 256,3 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда,  АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 193,3 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,7 мың адамға немесе 2,5 пайызға артқан.


Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,9 мың адамды құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 3,5 мың адамға немесе 5 пайызға азайған.