Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз - Айнұр Тұрсынбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз - Айнұр Тұрсынбаева

Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өмірлік ұстанымдағы ақыл-кеңесімен бөлісті. 

  • 24 Тамыз 2018
  • 455
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

 "Көбінесе пррблеманы өзіміз жасаймыз.. Айналамызда қаншама көршіміз болса да өзімізге жақпайтын біреуіне тіреліп аламыз.. Көршілер туралы әңгіме бола қалса тура сол жаман көршіні ғана айтамыз.. Қаншама жақын жақсы қыздар болса да суқанымыз сүймейтін біреуімен араласып, қырыламыз да жүреміз. Өзімізге қамқор болатын мықты жігіттер бола тұра сөзі көп, тірлігі ұсақ біреуге байланып басымызды ауыртып жүреміз.. Ұнамайтын адамнан алыстап үйреніңіз, жайсыз жерден кетіп қалыңыз, жақпайтын әңгімені тыңдамаңыз.. Бәрі өзіңізге байланысты, өмірді қиындатпаңыз! Шешім шығарып үйреніңіз! Адамды ауры қылатын жүйке (нерв)! Жүйкеңізді жей бермеңіз, ол жазылмайды! Дер кезінде тоқтаңыз! Ешқашан кеш емес! Шын ниетіңізбен шешім қабылдап тәуекел етсеңіз қорқып жүрген нәрсеңіздің түкке тұрмайтын уайым екенін түсінесіз… Қанша керемет адам болса да сізді қуанта алмаса қоштасып кетіңіз.. Қанша жақсы адам болса да өз пікірі болмаса, жұртқа жалтақтайтын болса сізді де жұрттың талқысына салып жібереді.. Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз..Адам өзгермейдІ! Болашағы жоқ қарым қатынастан аулақ болыңыз.. Энергияңызды жеп, иманыңызды әлсіретеді, жанарыңыздың нұры кетеді..Басыңызды бағалайтын, жаныңызды түсінетін жақсы адамдар өте көп.. Өмір бір-ақ рет беріледі.. Өмір бойы жүрегіңізді езе бермей қиын да болса тәуекел етіңіз..Уақытты уайыммен өткізе бермеңіз, қорықпаңыз! Жұрттың пікірі сізді бақытты қылмайды! Өз бақытыңызды өзіңіз ғана білесіз! Сізді жаңа өмір, керемет бақыт, қуанышты күндер күтіп тұр.. Қараңыз жан-жағыңызға.. Өмір тамаша! Бәріңізге бақыт тілеймін!", деп жазды

Соңғы жаңалықтар